27-ші Қазақстандық Халықаралық «Көлік және логистика» көрмесі
27-ші Қазақстандық Халықаралық «Көлік және логистика» көрмесі

«КӨЛІК ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА НАРЫҒЫ» TRANSLOGISTICA KAZAKHSTAN 2021 III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2021 жылғы 13-15 қазанда Алматыда «Көлік және Логистика» - TransLogistica Kazakhstan 2021 халықаралық көліктік-логистикалық қызметтер мен технологиялар көрмесі. Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Латвия, Литва, Ресей, Украина және Эстония елдерінен 80-нен астам компания көрмеге қатысуды растады.

Көрме алаңында дәстүрлі түрде ең ірі салалық оқиға болып өтеді - «Көлік және логистика нарығы» III Халықаралық Конференциясы. Екі күн бойы беделді спикерлер және бизнес-комьюнити қатысушылары отандық көлік саласын дамыту күйі мен перспективаларын талқылайды.

Конференцияның негізгі тақырыптары:

  • World Logistics Passport – Қазақстан үшін мүмкіндіктер. Заманауи логистикалық трендтер: цифрландыру мен аутсорсингке бағыт.
  • Контейнерлеу бағдарламасы.
  • Көлік саласында ақпараттық және цифрлық технологиялар.
  • Заманауи әлемдегі логистика және көлік саласын дамыту әлеуеті.
  • Теміржол тасымалдары. Теміржол көлігіндегі транзитті жетілдіру.
  • Теңіз тасымалдары.
  • Пандемия кезеңінде авиациялық сала. Инфрақұрылымдық жобалар.
  • Автотасымалдар. Автомобиль көлігіндегі жаңа мүмкіндіктер.

Спикерлер ретінде Қазақстан, ТМД және Шетел Көлік министрлері, ең ірі көлік компаниялары мен қауымдастықтарының басшылары сөз сөйлейді. 13 қазанда, Конференцияның бірінші жұмыс күні, пандемия жағдайында саланы қайта жүктеу бойынша көліктік сектордың маңызды мәселелеріне арналған стратегиялық сессия өткізіледі. Сарапшылар заманауи логистикалық трендтерді, цифрландыруды қолдануды және Орталық Азия елдері үшін логистикалық нарықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылайды. Сессияға ҚР Индустрия және инфрқұрылымдық даму Вице-министрі Берік Қамалиев, сондай-ақ Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Латвия, Литва, ҚХР, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Украина, Эстония және басқа елдердің көлік ведомстволарының өкілдері қатысады. Сонымен қатар спикерлер арасында «Глобалинк Транспортэйшн энд Лоджистикс Ворлдвайд» ЖШС-тың бас директоры Сидик Хан, «Объединенная транспортно-логистическая компания – Евразийский железнодорожный альянс» АҚ-ның бас директоры, басқарма төрағасы Алексей Гром, «НИИ ТК» Ғылыми-техникалық кеңесінің төрағасы Эдуард Каплан мәлімделген. Сессия шеңберінде меморандумдарға қол қою, жұмыс топтарының отырыстары және іскерлік кездесулерді өткізу жоспарланған.

Екінші сессия шеңберінде контейнерлеу, мультимодалды тасымалдарды дамыту, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның тарифтік саясатын қалыптастыру және бірыңғай мультимодалды құжаттың әзірлеуін талдау талқыланады. Сессияның модераторы ретінде Arthur D. Little Басқарушы серіктесі Александр Ованесов, болады. Сонымен бірге спикерлер арасында «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «TRANCO» АҚ, «ИстКомТранс» ЖШС, «KTZE» АҚ, «РЖД Логистика» АҚ, «Кедентранссервис» АҚ өкілдері және т.б. мәлімделген.

Үшінші сессия жаңа замандағы көкейтесті тақырыпқа – көлік саласына ақпараттық және цифрлық технологияларды енгізуге арналады. Қатысушылар ҚЛК цифрландырудың негізгі трендтерін, логистикалық операторлардың ІТ-жүйелерін және тасымалдарды ұйымдастыру бойынша маркет-плейстерді жасауды талқылайды. Төртінші сессия агро, өнеркәсіп және ритейл логистика мәселелерін қозғайды. Ең ірі компаниялардың өкілдері – Метро, Магнум, КенМарт, «Қорғас» ЕЭА өз тәжірибесімен және практикалық кейстерімен бөліседі. Конференцияның бірінші күнін Латвия Республикасының өкілдерімен көлік жөніндегі жұмыс тобы аяқтайды.

Евгений Больгерт, «Қазақстандық теміржол тасымалдаушылары қауымдастығының» өкілі, 14 қазанда теміржол көлігін дамытуға арналған сессияның модераторы болады. Сессияға ең ірі отандық теміржол және операторлық компаниялар қатысады. Екінші сессияның талқыланатын мәселелерінің тақырыптамасы теңіз және су тасымалдары саласын қолдау шараларын, Қазақстан арқылы теңіз жолымен транзиттің тартымдылығын арттыруды талқылау болып саналады. Үшінші және Төртінші сессиялар сәйкесінше, авиациялық салаға және автотасымалдарға арналады. Қатысушылар ішкі жолаушылар ағынын қалпына келтіру, жаңа жерүсті инфрақұрылым объектілерін қайта құру бойынша пікірлермен бөліседі, сондай-ақ қалаішілік, қалааралық автобус тасымалдарын дамыту мәселелерін талқылайды. Конференцияны шеберлік сыныптарды және өндірушілерден инновациялық өнім презентациясын өткізу, сонымен қатар Польша Республикасының өкілдерімен көлік жөніндегі жұмыс тобы аяқтайды.

«Көлік және логистика нарығы» ІІІ Халықаралық Конференциясының форматы гибридті және E-FORUM.NET платформасында офлайн мен онлайн қатысуды көздейді.

Көрменің ұйымдастырушылары - Atakent-Expo және Iteca Қазақстандық көрме компаниялары. Конференция Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ның, Қазақстандық Вагондар тасымалдаушылары мен операторлары қауымдастығының, Ұлттық Экспедиторлар Қауымдастығының, «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлік қызметкерлері одағының, «Жібек Жолы» халықаралық логистика және бизнес институтының қолдауымен Quality Business Forum, Atakent-Expo, Iteca және E-Forum компанияларымен ұйымдастырылды.

  • Осы жылдың қатысушылар тізімімен және іскерлік бағдарламамен оқиғаның сайтында танысуға болады:

           https://translogistica.kz

  • Қатысу және ынтымақтастық мәселелері бойынша мыналарға жүгініңіз:

       Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

       Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 + 7 (727) 258-34-34

  • Осы сілтеме бойынша TransLogistica Kazakhstan көрмесіне қатысуға арналған тегін билет алыңыз: https://cutt.ly/eEQBUZd