APS КОМАНДАСЫ КӨЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШЕДІ - СІЗ ӨЗ БИЗНЕСІҢІЗДІ ДАМЫТАСЫЗ

APS

APS бренді халықаралық жүк тасымалымен айналысатын Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Беларусь және Польша компанияларын біріктіреді. Автокөлік паркі жүктің толық, топтастырылған, температуралық, габаритті және басқа да түрлеріне арналған 850 автопоездан тұрады.

Тасымалдау географиясы сұраныс бойынша Еуропа, ТМД, Қытай, Түркия, Моңғолия және басқа аймақтарды қамтиды. APS-пен көлік қызметі – бұл жеткізу жағдайы туралы ақпаратты күнделікті жаңарту, оны қосымша қызметтермен кеңейтуге болады: телематика және геоқоршау, жүк тиеу жоспарын әзірлеу, қойма қызметтері, тауарларды сақтандыру және кедендік ресімдеу.

1600-ден астам қызметкер «Біз шешеміз!» ұранын ұстанады, бұл біздің клиенттермен ынтымақтастыққа және халықаралық командада жұмыс істеуге деген көзқарасымызды көрсетеді. APS командасы көлік мәселелерін шешеді - сіз өз бизнесіңізді дамытасыз.