27-ші Қазақстандық Халықаралық «Көлік және логистика» көрмесі
27-ші Қазақстандық Халықаралық «Көлік және логистика» көрмесі

«NEW SILK WAY» VI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨЛІКТІК-ЛОГИСТИКАЛЫҚ БИЗНЕС-ФОРУМЫН

kz

Ағымдағы жылдың 4 қазанында Сауран көшесі, 46 мекенжайында орналасқан Hilton Astana қонақ үйінде «NEW SILK WAY» VI Халықаралық көліктік-логистикалық бизнес-форумын (бұдан әрі - Бизнес-форум) өткізу жоспарланып отыр.

Іс-шара ағымдағы жылдың 4-6 қазан аралығында Астана қаласында «Translogistica Kazakhstan 2023» 26-шы Халықаралық көрмесі, Мәңгілік Ел даңғылы 53/1 мекенжайында орналасқан «EXPO» халықаралық көрме орталығының алаңында өтеді.

Бизнес-форум Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қолдауымен өткізіледі. Іс-шараның негізгі тақырыбы: «Жаңа Жібек жолындағы мультимодальды тасымалдау трендтері».

Форумда сарапшылар мен қатысушылар көлік жүйелерінің ынтымақтастығы мен интеграциясы, Орта дәліз бағытын дамыту, сондай-ақ мультимодальды тасымалдау саласындағы жаңа технологиялар мен инновациялар, жүктерді тасымалдау тиімділігін арттыру және жеткізу жағдайларын жақсарту мәселелерін талқылайды.
Іс-шараға уақтылы тіркелу үшін 2023 жылдың 4 қыркүйегіне дейін қатысуыңызды растауыңызды сұраймын.
Бизнес-форум туралы толық ақпаратпен «KAZLOGISTICS» СТК сайтында https://kazlogistics.kz/ru/events/10 сілтемесіне өтіп, танысуға болады.

Байланысатын тұлғалар:
Мукушев Канат Курмашевич, тел: 8 (7172) 60-00-78; +77015218606
E-mail Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.,
Асем Жумабаева, тел: 8 (7172) 60-04-40; +77756900045;
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.